×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

«Рымбаеваның билеттерін алуға мәжбүрледі»: Маңғыстау облысында мұғалімдер шу шығарды

Фото: видеодан кадр

Мұнайлы ауданының №10 мектеп мұғалімдері президентке үндеу жасап, басшылықтың гастролдік сапармен келетін әншілердің концертіне билет алуға мәжбүрлейтінін айтып, шағымданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz lada-ға сілтеме жасап. 

Не болды

Олардың үндеуі Маңғыстау облысы әкімдігінің чатында пайда болған. Мұғалімдер бұл әрекетті сыбайлас жемқорлық деп атап, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оқу-ағарту министріне басшылықты жұмыстан шығаруды талап еткен. Айтуларынша, мектеп басшысы өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып, гастролге келген әртістердің концерттеріне билет сатып алуға мәжбүрлеп, қысым жасаған.

Біз білім бөлімінің басшысына және Мұнайлы ауданының прокуратурасына, сондай-ақ Білім министрлігіне жүгіндік. Алайда олар нақты жауап бермеді. Біздің ұжымдық хатымыз қанағаттандырылмады. Осыған байланысты өзіңізге жүгінуге мәжбүрміз, - делінген видеода.

Директор концерт тегін болды дейді

Ал Мұнайлы ауданының №10 мектебінің директоры өзінің атына тағылған барлық айыпты жоққа шығарады. Ол тек елдің халық әртісі Роза Рымбаеваның концертіне ғана баруға шақырғанын жеткізді. Айтуынша, бұл концерт тегін болған.

Серіктес жаңалықтары