×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

«Мен Әлихан Смайыловпын» Бұрынғы премьер-министрден хат келсе не істеу керек?

24.05.2024, 21:50
GOSAUDIT.KZ

Азаматтарға Whatsapp мессенджері Әлихан Смайыловтың атынан хат келіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Сәлеметсіз бе? Қолыңыз бос па?”

“Сәлеметсіз бе? Қолыңыз бос па?” Бүгіндікке бірнеше азамат мессенджерден осындай хат алған.Әрмен қарай ол өзін “Әлихан Смайыловпын” деп таныстырады. 

Бұл туралы Смайылов басшылық ететін Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі мәлімдеді. Олар мұндай хаттардың жалған екенін хабарлап, сенбеуге шақырды.

“Интернет-алаяқтардың WhatsApp мессенджерінде Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың атынан жалған нөмірлерден хабарламалар таратып жатқанын хабарлаймыз,”- деді баспасөз қызметі, 
 

Баспасөз қызмет жалған ақпартқа сенбеуге және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырды. 

Әлихан Смайылов 

Әлихан Асханұлы Смайылов Қаңтар оқиғасынан кейін 2022 жылы 11 қаңтарда Премьер-Министр лауазымына тағайындалды. 2023 жылғы 30 наурызда Президент жарлығымен аталған лауазымға қайта бекітілді. Ол Асқар Маминның орнына келген болатын. Смайыловқа қаңтардан кейінгі шиеленістерді шешу, әлеуметтік жағдайды оңалту, олигополиямен күрес, қымбатшылықты ауыздықтау секілді міндеттер қойылған. 

Өткен айдың басында ол Жоғары аудиторлық палатының төрағасы лауазымына тағайындалған. 

Бұған дейін Смайыловқа өзі басқарған Үкіметті тексеру міндеті жүктелген еді. 

Серіктес жаңалықтары