Оқиға Орал қаласында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі айтты.
Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны 2021-2022 жылдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына тыйым салынған тәсілмен қол жеткізген.
Сәуір айында Орал қаласы соты Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптары бойынша екі азаматтың әрқайсының 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Олар сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылд.
Үкім шығаруға ҰҚК процессуалдық материалдары негіз болды.
Үкім заңды күшіне енді.
Бұған дейін
Саясат Нұрбек 2025 жылы Ұлттық бірыңғай тест тапсырудың жаңа форматы пилоттық жоба ретінде іске қосылатынын айтқан еді.