×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Журналист фазендада 5 жыл құлдықта болған әйел туралы айтты

25.05.2024, 15:31
Фото: дереккөз

Белгілі тележурналист, «Дау-дамайсыз» бағдарламасының жүргізушісі Гүлмира Әбіқай құлдыққа түскен әйелдің тағдыры жайлы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ол оқырманы жолдаған хабарламаны бөлісіп, құлдықта жүрген әйелдің тағдыры туралы жазды.

Фотодағы әйелдің есімі - Әйгерім. Өзі: «фазендадан құлдықтан қашып шықтым, 5 жыл жүрдім. Жетісу облысынанмын, 87 жылғымын. Әкем Қайрат, Аидана деген әпкем бар», - деген. Таңғы сауыннан соң сағат 5-терде шыққаннан ертеңіне кешкі 5-те Алматы облысындағы саяжайдың шеткі үйіне келіп тоқтапты. Айман есімді оқырманым бейтаныс әйелдің сөзіне әрі сеніп, әрі шошып «полиция шақырайын» деп еді, ол селк ете түсіпті. Ол: «су беріңізші!» - деген. Үйден су әкеліп шыққанша құлдықтағы әйел із-түзсіз жоғалған.
«Үйде жалғыз өзім кішкентай балалармен отырған соң, кіргізіп, тамақ беруге бір шетінен қорықтым» деп ағынан жарылды оқырманым. Жөні-сөзі түзу, тек әбден қажыған, шалбары мен аяқ киімі әбден балшық екен.
«Бәлкім, менің «полиция шақырайын» дегенімді естіп, қайта апарып тастай ма деп шошыған сияқты» деп қорытты сөзін Айман. Әйгерім аман-есен үйіне жетті ме екен деген ой мазалайды, - деп жазды тележурналист.

Осы орайда Гүлмира Әбіқай Жетісу және Алматы облыстық Полиция департаменттеріне жүгініп, көмек сұрады. Бұл мәселеге бейжай қарамауларын өтінді. Оқырмандары да құлиеленеушіліктің әлі де жойылмағанына ашынып, адамды басыбайлы құл ретінде тұрмысқа жегудің қисынсыздығын айтып, наразылық танытып жатыр. 

Серіктес жаңалықтары