×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

«Кепілсіз 5 млн алып беремін»: Ақтөбеде жаңа босанған әйел перзентханада алаяқтық жасаған

25.05.2024, 17:22
«Кепілсіз 5 млн алып беремін»: Ақтөбеде жаңа босанған әйел перзентханада алаяқтық жасаған
Фото: NUR.KZ

34 жастағы ақтөбелік әйел перзентханада жанында жатқан әйелдерді алдаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақтөбе қалалық Полиция басқармасына екі әйел алаяқтық туралы арызданған.

Жәбірленушілердің айтуынша, жыл басында олар перинаталдық орталықта болған кезде онда босанған әйелдердің бірі 5 млн теңге көлемінде кепілсіз несие ресімдеуге көмек ұсынған. Қызметі үшін ол 90 мың теңге көлемінде ақша сұраған. Екі босанған әйел оған қажетті соманы картасына аударған. Алайда уәде етілген несиені де, өз ақшасын да ала алмаған жәбірленушілер полицияға арызданды, - делінген ведомство хабарламасында.

Полиция қызметкерлеріне күдіктінің жеке басын анықтау қиынға соққан жоқ, ол облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.