×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Алматыда терроризмді насихаттады деп айыпталған екі шетелдік ұсталды

29.05.2024, 09:07
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деп айыпталған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

28 мамырда ҰҚК прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетел азаматын ұстады. 

Тергеу мәліметі бойынша олар бұрын ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған. 

Қазақстанға биыл келген, тұрақты жұмысы жоқ. 

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. 

Серіктес жаңалықтары