Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияда өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
WTA чемпиондық кестесінде екінші орында тұрған Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің алғашқы айналымынан сүрінбей өтті.
Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингіде 86-орында тұрған белгиялық Гретье Минненге қарсы ойнап, екі сетте 6:2, 6:3 есебімен басым түсті. Осылайша, Рыбакина Минненді үшінші рет жеңіп отыр. Екеуі бұған дейін 2020 жылы Аустралия ашық чемпионаты мен Страсбургтегі турнирде кездесіп, екеуінде де Рыбакина басым түскен еді.
Рыбакина келесі кезеңде нидерландық Аранча Руспен кездеседі.