×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

«Qarmet-тен» ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топтар ұсталды

30.05.2024, 09:14
«Qarmet-тен» ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топтар ұсталды
Фото: Скриншот

ІІМ “Qarmet” компаниясының нысандарында ұрлық әрі оның қызметкерлеріне қатысты басқа да ауыр қылмыстар жасаған бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілгенін жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция не дейді

Құзырлы органның мәліметінше, былтыр наурыз айында “Qarmet” АҚ-ның металл өнімдерін ұрлап келген, 40 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ және оның көшбасшысы ұсталған. 2023 жылдың тамыз айында аймақтағы криминогендік жағдайға және компанияның қызметіне теріс әсер еткен ұйымдасқан қылмыстық топ көшбасшысы мен 27 мүшесі құрықталған.

– Қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша олардың Қарағанды облысының аумағында миллиондаған жымқыру, сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны туралы дәлелдер жиналды. Тергеу аяқталды. Енді істер прокурорға зерттеу және ары қарай сотқа жіберу үшін жолданады, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Былтыр желтоқсанда Қарағанды облысының Абай ауданындағы “Qarmet” кәсіпорнының шахтерлерін бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ жойылған. Биыл сәуір айында ІІМ, ҰҚК және Мемлекеттік күзет қызметі Бас прокуратураның үйлестіруімен металлургия комбинатынан аса ірі мөлшердегі ақша ұрлау бойынша қылмыстық схеманы жолға қойған қылмыстық топтың мүшелерін ұстады.

– Қылмыстық схема бақылаудағы мердігерлік және күзет ұйымдары арқылы жоқ тауарды жеткізуден тұрған. Шығын 1,5 млрд теңгеден асады. Ұстау және тінту шаралары бір мезгілде Қарағанды, Теміртау және Алматы қалаларында өткізілді. Күдіктілер қамауға алынды. Кәсіпорындарда ұрлыққа жол бермеу бойынша жұмыс ерекше бақылауда, – деді Қуандық Алпыс.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.