×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

«Қалай ұялмайсыздар?!»: Әнші шұрық-тесік жолдар үшін Ақтөбе әкімдігін сынап тастады (ВИДЕО)

Фото: https://www.instagram.com/zhenisiskakova/

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Жеңіс Ысқақова Ақтөбе қаласына гострольдік сапармен барып, жергілікті билікті сынап тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Әнші шұрық-тесік орталық көшелерін көрсетіп, бұған намыстанып кеткенін айтты.

Құрметті ақтөбелік достар! Қонақжайлық пен сыйластықтарыңызға рақмет! Көңілімді түсірген бір-ақ нәрсе, орталық көшелердегі жолдардың шұрық-тесігін көріп көңілім құлазып тұр. Әлемге әйгілі Ақтөбенің жолдары мұндай деп ешкім ойламаған! Әкімдерің вертолетпен жүре ме?! Қалай ұялмайсыздар?! Қаланың ішіндегі жолдары осындай тесік болса, сырт жақтағы ауыл-аудандардың жағдайын айтпай-ақ қойған дұрыс шығар?! Ақтөбе қаласының әкімшілігі, екі күн бұрын Қызылордада болдым. Экологиялық жағдайы төмен облыстың көшелері тап-таза, жолдары тақтайдай тегіс. Сол жақтан барып, қаланы қалай әдемі етудің жолдарын үйреніп, шеберлік сағатына қатысып келіңіздер! Менің намысым келіп тұр, – деді Ысқақова ашуланып. 

Әлеуметтік желі қолданушылары да әншінің сынымен келісіп, қолдай кеткен.

Серіктес жаңалықтары