×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

«Жүрегі жылап тұр»: Әскерде ант қабылдауға анасы келе алмаған сарбаздың видеосы қызу талқыға түсті

02.06.2024, 14:52
«Жүрегі жылап тұр»: Әскерде ант қабылдауға анасы келе алмаған сарбаздың видеосы қызу талқыға түсті
скриншот

51809 әскери бөлімінде ант қабылдаған сарбаздың видеосы желіде көп адам пікір қалдырып жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz порталы Лада.кз сайтына сілтеме жасап.

Видеоны Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің басшысы майор Нұрбол Шалабаев түсірген. Бейнероликтің кейіпкері әскери қызметші Александр Землянкин. Ол 1 маусымда әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының 51809 әскери бөлімінде ант қабылдаған. Өкінішке қарай, туыстары салтанатты шараға келе алмапты. Майордың сұрағына сарбаз көңілін қалдырмай, әскери тәртіппен жауап берді.

Александр Щучинск қаласының тумасы. Мерзімді әскери қызметін Маңғыстау облысында атқарады.

Лада.кз басылымы сарбаздың анасымен сөйлескен. Ол ұлын жалғыз тәрбиелеп өсіргені белгілі болды. Александрдан басқа кәмелетке толмаған екі қызын тәрбиелеп отыр. Жалғыз әйел отбасын асырау үшін жұмыс істеп, Ақтауға жете алмаған. 

Александрдың анасы ұлының Көкшетауда аспазшы болып оқығанын, бірақ биыл әскерге баруға шешім қабылдағанын айтқан.

Әйел ұлын өзін қорғай алатын сабырлы жігіт ретінде сипаттады. Ол бала кезінен спортпен айналысқан. Соңғы уақытта ол жекпе-жекпен, атап айтқанда кикбоксингпен шұғылданған. Анасы Александр лайықты және қауіпсіз қызмет етеді деп үміттенеді.

Жас жігіттің видеосы Тик-токқа кеңінен тарады. Екі миллионнан астам қаралым жинаған, 10 мыңға жуық пікір жинаған.

Видеоға пікір қалдырушылар “жүзі күліп тұрса да, жүрегі жылап тұр”, “мықты азамат”, “аман болсын” деп жылы пікірлерін қалдырып жатыр.