×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Үндістанда 90-ға жуық адам Зика безгегін жұқтырды

09.11.2021, 00:54
Үндістанда 90-ға жуық адам Зика безгегін жұқтырды
Фото: ашық дереккөз

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында 90-ға жуық адам Зика вирусын жұқтырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

economictimes.indiatimes.com-ның мәліметінше, ауру жұқтырғандардың көп бөлігі Канпур қаласында тіркелген.

Жергілікті денсаулық сақтау департаменті дүйсенбідегі жағдай бойынша кем дегенде 89 адам, оның ішінде 17 бала Зика вирусына оң нәтиже бергенін мәлімдеді.

Бірінші жағдай 23 қазанда анықтаған. Содан бері дерт жұқтырғандар саны тұрақты түрде өсіп келеді. Зика – балалар, қарт адамдар, созылмалы ауруға шалдыққандар, сондай-ақ аяғы ауыр әйелдер үшін қауіпті. Ауруды шыбын-шіркей таратады. Үндістанда жаңбырлы маусым аяқталып келеді. Осы кезеңде аталған жәндіктердің саны күрт артады.