×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

«Адамнан қорықпайды»: Ақтауда егеуқұйрықтар қаптаған

03.06.2024, 23:35
Әлеуметтік желіден

Ақтау көшелерінде егеуқұйрық қаптады. Әсіресе қоқыс жәшіктерінің айналасында жүретін кеміргіштер адамнан да қорықпайтын болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Тұрғындар тышқандардың тым көбейіп кеткенін айтып шағымдануда. Тіпті видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге салып жатыр. Егеуқұйрықтардың қоқыс жәшіктерінің айналасын індеп алғанын шенеуніктер де жоққа шығармайды. Сондықтан бүгіннен бастап қалада жаппай улау жұмысы басталған. Мамандар теңіз жағалауынан бастап, барлық шағын аудандарды бір айда дезинфекциялап шықпақшы. 

““Самал” қонақ үйінен 15 шағынаудандағы «Каспий ривьера» қонақ үйіне дейін жүргізіледі. Бұл жұмыстар арнайы препараттарын салу арқылы жүргізіліп жатыр және дератизация 16,17,18,19,20 шағынауданда жүргізіледі,”- Ақтау ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Айдар Бисенов. 

Бұған дейін

Батыс Қазақстанда кеміргінштерден жұқпалы ауру тараған еді.

Инфекция көзі және вирустың резервуары тышқандар, дала тышқандары және егеуқұйрықтар сияқты кеміргіштер болып шықты. Адамдар кеміргіштердің секрециясымен ластанған тағамдарды жеу немесе ауру жануарлармен тікелей байланыста болу арқылы геморрагиялық қызбаны жұқтыруы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары