×
475.39
513.37
5.4
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.39
513.37
5.4

«Сынақ деп қабылдаймын»: Әйелін ұрды деп айыпталған дипломат өз нұсқасын жариялады

04.06.2024, 19:30
Коллаж Ulysmedia

Әйелін ұрды деп айыпталған, қазір үстінен қылмыстық іс қозғалып тергеліп жатқан Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі  елшісінің көмекшісі қызметін атқарған Сәкен Мамаш жағдайды өз аузымен баяндап, өз нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дипломаттың жазбасын оның туысы, желі белсендісі Бекболат Қаржан жариялады. 

Онда Сәкен Мамаш өзінің қарапайым ауыл баласынан, беделді қызметкер болғанға дейінгі өмір жолын сипаттап жазған. Қалай жоғары оқуға түскенін, ағылшын, орыс, түрік, араб тілдерін меңгергендігін тәптіштеп тұрып жазған. Каринамен отбасы құрғанын, балалы болғандарын баяндайды.  

Содан соң әйелі тарапынан өзіне тағылған айыптарға жауап береді. “Зайыбым Карина мені экономикалық зорлық жасады деп айыптады” деген ол жұбайына жасаған қымбат сыйлықтарын, оны қай жерлерге қыдыртқанын да айтады. Бір сөзбен айтқанда одан ештеңе аямадым дейді. 

“Есімде, Грецияға шуба алуға барғанда, Каринаға бір шуба, маған бір жағалы пальто аламыз деп жоспарлап, күні бойы аралап, бір қарасам Каринаға 6 мың евроға екі шуба сатып алыппыз. Мен өзіме ештеңе де алмадым. Соған бола берсінші, менің жан жарым ғой дедім.”- деп жазған Сәкен Мамаш.  

Ал, жыныстық зорлау туралы ешқандай ондай жағдай болған емес деп қысқа қайырған. Сондай-ақ өзінің басқа әйелмен көңіл жарастырмағанын айтады. Ал әйелінің ажырасу туралы шешімін өзім білмедім, сыртымнан ұйымдастырған дейді.  

“Қайын енем мен жұбайым былтыр көктемнен бері ажырасуға шешім қабылдап қойған екен. Онысын маған айтпайды, білдірмейді, ойнап күліп, дайындалып, қолайлы сәтті күтіп жүргендей. Ойлап отырсам денем түршігіп, ордалы жыланға тап болғандай күй кешемін,”- деп жазады Мамаш.  

Сөз соңында ол өзінің жауапкершіліктен қашпайтынын, сынақ деп қабылдайтынын жеткізеді. Еуропалық үлгіге ұмтылған қазақ отбасының тағдыра жолайрықта тұр деп түйіндейді ол сөзін.  

Каринаның оқиғасы

Карина Мамаш жақында күйеуі оны 10 жыл бойы физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқанын айтқан еді. Әйелдің айтуынша, бірнеше күн бұрын Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесін де ұрып-соққан. Дипломаттың әйелі ауруханада, ал балалары әкесімен бірге болған.

Осы шудан кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломат елге қайтарылатынын хабарлады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломаттың әйелі Карина Мамашты елге жеткізу мәселесін шешіп, Карина көп өтпей елге оралды.

Астана полициясы Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың үстінен қылмыстық іс қозғады.

Кейін Карина Мамаш сұхбат беріп күйеуімен қалай танысқанын айтқан еді. 

Ал Нүкте Youtube арнасына берген сұхбатында Сәкен Мамаштың әйелі дипломаттың әріптестері жанжалдың көпшілікке жария болғанын қаламағанын айтты.  

Кейін дипломаттың әйелі алғашында кешірім сұраса, қазір қорқытып жатыр деп үндеу жариялаған. 

Серіктес жаңалықтары