×
475.03
517.21
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.03
517.21
5.44

Кейбір аударымдар бұғатталады: Алаяқтыққа қарсы платформа іске қосылады

04.06.2024, 21:05
Коллаж Ulysmedia

Антифрод орталығының көмегімен күмәнді транзакцияларды бұғаттау арқылы алаяқтармен күресетін болады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанда қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Антифрод-орталық іске қосылады, ол кейбір ақша аударымдарын бұғаттайтын болады. Антифрод орталығы технологиялық платформа болады. Оған қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары қосылады.  

"Платформа қаржы нарығының субъектілері арасында нақты уақыт режимінде алаяқтық операциялар, соның ішінде тиісті таңбаланған күдікті операциялар бойынша деректер алмасуды қамтиды", – деп түсіндірді Ұлттық Банк.   

Антифрод-орталықтың міндеті азаматтардың қаражатын алаяқтық операциялардан қорғауды қамтамасыз ету, алаяқтық операцияларға жедел ден қою және оларды уақтылы бұғаттау болып табылады.   

Платформа шілдеден бастап іске қосылуы тиіс. 

Тек былтырдың өзінде ғана 44 мың қазақстандық алаяқтарға алданып 140 миллиард теңгесінен айырылған.

Бұған дейін

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров кәсіпкерлердің мобильді аударымдарды азайтып, қолма-қол ақшаға ауыса бастауын “уақытша тренд” деп атаған еді.

Кейін Қаржы министрі Мәди Тәкиев банктермен жұмыс жүргізіліп, адамдар қайтадан мобильді аударымдарға көшіп жатырғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары