×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Су тасқыны: Оралда тексерілген тұрғын үйдің 80% апатты деп танылды

04.06.2024, 22:55
Су тасқыны: Оралда тексерілген тұрғын үйдің 80% апатты деп танылды
Коллаж Ulysmedia

Су тасқыны кезінде Орал қаласындағы қанша баспана зардап шеккені белгілі болды. Алайда бұл соңғы сандар емес, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Мой город" телеграмм арнасына сілтеме жасап. 

Орал қаласы әкімінің орынбасары Азамат Халеловтың мәліметінше төртінші маусымға залалды өтеуге 10492 өтініш түскен. Сандар күн сайын өзгеріп отырады, Алдын ала есептеулер бойынша тұрғын үй сатып алуға шамамен 18 миллиард теңге қажет. 

Зардап шеккен азаматтарды үш топқа бөлген: 

  • саяжайда тұратын жалғыз баспанасы барлар
  • тұрғын үйге құжаттары жоқ адамдар, яғни олар мүшелік кітапшалар негізінде тұратындар  
  • екінші тұрғын үйі — жатақханасы бар немесе мұраға қалған және басқа пәтерлерде үлесі 50% - дан аспайтындар 
  • ауылда қираған тұрғын үйі барлар 

“1500-ден астам үй зерттелді, олардың көпшілігі бұзылады. Бағалау комиссиясы тәулік бойы жұмыс істейді, шамамен 130 адам. Барлық дерлік саяжай серіктестіктері зерттелді, жалғыз тұрғын үй болып табылатын үйлердің саны өсті, қазір бұл 3000-нан асады. Ірі компаниялар зардап шеккендерге баспана сатып ала бастады. Бастапқы нарықтан сатып алуға 1000 шарт жасалды, пәтерлер әрлеуге беріледі,”- деді қала әкімінің орынбасары. 

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.