ҚР Сыртқы істер министрлі АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі бастамасына қатысты түсінікте берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан халықаралық қауымдастықтың Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақтандыруға бағытталған күш-жігерін барынша қолдайтынын жеткізді.
“Ақ үйдің Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату, кепілге алынған адамдарды босату, гуманитарлық көмекті қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың қолдауымен Газа секторын қалпына келтіру жайлы негізгі ережелерден тұратын бейбітшілік бастамасын құптаймыз.Ұсынылған шаралар жүзеге асырылған жағдайда, олар бейбіт тұрғындардың қазасы мен құрбандар санын тоқтатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірде бейбітшілік орнауының алғышарты бола алады деген үміт білдіреміз,”- делінген хабарламада.
Сыртқы істер министрі ұзақ жылға созылған қақтығыстың жалғыз шешімі ретінде «екі халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде астанасы Шығыс Иерусалим деп белгіленген Палестина Мемлекетін құру туралы Қазақстанның мызғымас ұстанымын растады.
Бұған дейін
Біріккен ұлттар ұйымы Израиьлмен дипломатиялық қарым-қатынастарды тоқтатуға шақырған.
Бұл туралы Франческа Албанезе әлеуметтік желілерде жазды. Ол Израиль Гаагадағы Халықаралық соттың үкімін тыңдамағанына және Рапақтағы әскери операцияны жалғастырып жатқанына назар аударды.