×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мұрнынан қан кетіп, беті көгерген: Карина Мамаш соққыға жығылған видеосын жариялады

05.06.2024, 21:05
Мұрнынан қан кетіп, беті көгерген: Карина Мамаш соққыға жығылған видеосын жариялады
Коллаж Ulysmedia

Күйеуімнен қорлық көрдім деп мәлімдеген Карина Мамаштың әлеуметтік желіде жаңа видеосы жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Телеграмм арналардың бірінде пайда болған видеодан Карина Мамаштың беті көгеріп, бірнеше жерден ісіп кеткені байқалады. Сондай-ақ тағы бір кадрда оның мұрнынан қан кетіп тұрғанын көруге болады. Бейнежазбада оның күйеуі Сәкен Мамаш та көрінеді.  

“Дәл осы сәтті түсіріп алайық,”- дейді ол.

Алайда видео сол жерден тоқтап қалады. 

Каринаның оқиғасы

Карина Мамаш жақында күйеуі оны 10 жыл бойы физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқанын айтқан еді. Әйелдің айтуынша, бірнеше күн бұрын Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесін де ұрып-соққан. Дипломаттың әйелі ауруханада, ал балалары әкесімен бірге болған.

Осы шудан кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломат елге қайтарылатынын хабарлады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломаттың әйелі Карина Мамашты елге жеткізу мәселесін шешіп, Карина көп өтпей елге оралды.

Астана полициясы Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың үстінен қылмыстық іс қозғады.

Кейін Карина Мамаш сұхбат беріп күйеуімен қалай танысқанын айтқан еді. 

Ал Нүкте Youtube арнасына берген сұхбатында Сәкен Мамаштың әйелі дипломаттың әріптестері жанжалдың көпшілікке жария болғанын қаламағанын айтты.  

Кейін дипломаттың әйелі алғашында кешірім сұраса, қазір қорқытып жатыр деп үндеу жариялаған. 

Сәкен Мамаш желіде жазба жариялаған еді. Онда ол өзінің қарапайым ауыл баласынан, беделді қызметкер болғанға дейінгі өмір жолын сипаттап жазған. Қалай жоғары оқуға түскенін, ағылшын, орыс, түрік, араб тілдерін меңгергендігін тәптіштеп тұрып жазған. Каринамен отбасы құрғанын, балалы болғандарын баяндайды.  

Содан соң әйелі тарапынан өзіне тағылған айыптарға жауап береді. “Зайыбым Карина мені экономикалық зорлық жасады деп айыптады” деген ол жұбайына жасаған қымбат сыйлықтарын, оны қай жерлерге қыдыртқанын да айтады. Бір сөзбен айтқанда одан ештеңе аямадым дейді.