×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

«Далада қалдық»: Алматылық бірнеше отбасы жарылыстан зардап шеккен

06.06.2024, 00:05
Видеодан скриншот

Алматы облысында көпқабатты үйдегі жарылыстан кейін далада қалған отбасылар қайда барарын білмей жүр. Оқыс жағдайдың болғанына екі жуықтаса да, қираған баспана сол күйі жатыр. Газ жарылғанда екі адам жараланып, үш пәтер де түгел бүлінген. Есік-терезесі қираған үйлер қазір қаңғыған ит-мысықтың ордасына айналған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Жарылыс екінші қабаттағы бір бөлмелі пәтерде қатты болғаны соншалық, жапсарлас екі пәтердің қабырғасы опырылып, есік-терезесі түгел қираған. Тұрмыстық техника, жиһаз, киім-кешектің бірі қалмай жанып кеткен. Сол кезде екі адам зардап шегіп ауруханаға түскен. 

“Жарылыс болған пәтерге көрші тұрамын. Қатты дауысты ести сала бірден жүгіріп кірдік. Қап-қара қою түтін, пәтеріме әрең кірдік. Жарылыс болған үйдің қабырғасы құлап, менің есігім мен дәлізімді жауып қалыпты. Кірген кездегі эмоциямды айта алмаймын,”- дейді тұрғын Ольга Михайлова. 

“Далада қалдық...”

Ал екі жыл бұрын қоныстанған тағы бір отбасы қазір қираған баспанасына қарап не істерін білмей жүр. Пәтердің қабырғасы құлап, жатын бөлменің талқаны шыққан. Газ жарылған пәтерде жалға алушылар тұрыпты. Қайта сол күні олар үйде болмаған. 

“Екінші жыл тұрып жатырмыз. Қатты шықты дауысы. Есім шығып кетті, қорқып, дірілдеп кеттім, жылап жібердім. Міне, енді далада қалдық. Тұратын жеріміз жоқ.Газ компаниясы жөндеп береміз, қоқысты шығарып, бәрін жасаймыз дейді. Ешкім жоқ, міне,”- дейді тұрғын Дамира Амангелдиева. 

Ал газ таратушы мен газ құбырын жүргізген мекемелер апат себебін болжап та айта алмай отыр. Пәтер иесі газ қондырғыларын орнататын жеке компаниямен жұмыс жасаған дейді. Дегенмен кімнің кінәлі екенін енді полиция анықтамақ.  

“Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру фактісі бойынша аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс тіркелген. Қазір барлық қажетті сараптаманы тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Аталған жұмыстардың нәтижиесімен іске құқықтық баға берілетін болады,”- Алматы облысы ПД ресми өкілі Меруерт Морякова. 

Қазір іс ҚР ҚК 204-бабы бойынша тергеліп жатыр. Ал төтенше жағдайлар қызметінің сараптама қорытындысы айдың аяғында ғана дайын болады. 

Серіктес жаңалықтары