×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Босатылуына 3 ай қалған»: Теміртауда түрмеден қашып кеткен жігіт ұсталды

«Босатылуына 3 ай қалған»: Теміртауда түрмеден қашып кеткен жігіт ұсталды
Фото: Рatriotkaragandy Instagram-арнасы

Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы түрмеден қашып кеткен жазасын өтеуші ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Жазадан жалтарғаны үшін 2 жылға сотталуы мүмкін

Қылмыстық кодекске сәйкес, жазаны өтеуден жалтарғаны үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ҚАЖД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Теміртаудағы түрмеден 1992 жылы туған Жандос Ошанаевтың қашып кеткенін хабарлаған едік. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталған (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 1, 2, 3-тармақтары).

Колония қызметкерлері де жазаланады

Немқұрайлылық танытып, қашуға жол берген колония қызметкерлері де жазаланады, – деп хабарлады полициядан.

Белгілі болғаны, жазасын өтеуші Саран қаласынан колонияға оралар жолда жасырынған. Бұл минималды қауіпсіздік колониясында сотталғандар қоғамдық жұмыстарға тартылады – саябақтарды, гүлзарларды тазалайды, бояйды, ағартады, қоғамның пайдасына басқа да жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізеді.