×
477.03
521.44
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.03
521.44
5.43

«18 млн теңге пара алған»: Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталды

07.06.2024, 18:43
Лада.кз

Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин ұсталды. Ақпаратты Ulysmedia.kz тілшісіне Жоғарғы сот растады.

– Растаймыз, – деген жауап келді Жоғарғы соттан.

“Танысып қойыңыздар, бұл  Бауыржан Шайдуллин”

Журналист Михаил Козачков судьяның 18 миллион теңге алған жерінен ұсталғанын хабарлайды. Оны ұстау үшін Жоғарғы соттың өзіндік қауіпсіздік қызметі мен Антикор жұмыс істеген.

– Осы ақшаға Ақтаудың бас биі экономикалық қылмыс жасады деп айыпталған сотталушылардың жазасын жеңілдетуге уәде берген, – деп жазады ол.

Журналистің жазуынша, Шайдуллиннің бұрын шығарған үкімдері де күмәнді. Мәселен, ол 185 келі марихуаннамен ұсталған адамды бір жарым жылға ғана соттаған.

Серіктес жаңалықтары