×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Қазақстанда Ұлттық кітап күні атаулы күндер тізбесіне енгізіледі

08.06.2024, 14:27
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл жайлы вице-премьер Серік Жұманғарин депутаттарға берген жауабында жазылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Қазіргі кезде мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық кітап күнін атаулы күндер тізбесіне енгізу бойынша ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны бекіту жұмыстары іске асырылып жатыр, – делінген жауапта.

Үкіметтің хабарлауынша, 2021-2025 жылдарға арналған шағын қалалардағы, аудан орталықтарындағы және ауылдардағы 5000 мектепті жаңғыртудың жол картасы шеңберінде 2577 мектеп кітапханалары жаңартылған. Аталған жол картасының аясында 2024 жылдың аяғына дейін 670 мектеп кітапханалары жаңғыртылады.

Мемлекет басшысының бастамасымен 2022 жылдан бастап «24 қазан – Кітапханашылар күні» деп бекітіліп, мереке қарсаңында кітапхана саласының дамуына айрықша үлес қосқан 179 кітапхана қызметкерлері «Мәдениет саласының үздігі» және «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен, «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хаттармен» марапатталған.

Серіктес жаңалықтары