×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға тағы қоқыс толы шарларды ұшырды

09.06.2024, 09:31
REUTERS

Корея халық демократиялық республикасы (КХДР) тағы да Оңтүстік Кореяға қалдық толы жүздеген әуе шарын ұшырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz пориалы ndtv.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Бұл солтүстік кореялықтардың көршілеріне осындай шарларды бір айда үшінші рет жіберіп отыр. Осылайша, КХДР билігі Оңтүстік Кореядан солтүстікке заңсыз берілген үгіт-насихат парақшалары мен флэш-дискілерге жауап берген.

Оңтүстік Корея әскерилері сенбіден бері екі жүзден астам қалдық толы шарды тіркеді. Жергілікті тұрғындарға ескерту жіберіліп, жерге құлаған шарларға жоламауды сұрады.

Соңғы апталарда КХДР Оңтүстік Кореяға қарай 1000-ға жуық шар ұшырды.

Бұған жауап ретінде Оңтүстік Корея шиеленісті азайту туралы 2018 жылғы келісімді тоқтатып, шекарада әскери жаттығулар мен үгіт-насихат хабарларын қайта бастады.

Серіктес жаңалықтары