×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Үздік туристік жазбаға қымбат сыйлық: байқау жарияланды

09.06.2024, 15:58
Фото: Ашық дереккөзден

Шымбұлақ курорты мен Kazakh Tourism Қазақстандағы отбасылық демалысқа арналған үздік пост немесе рилс конкурсын жариялайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, пост «Қазақстандағы мынадай жерге неге бару керек және ол несімен тартымды?» деген тақырыптағы мәтіні бар фотосурет немесе видео жариялауы керек. Видеоның немесе мәтіннің мақсаты - халықты сол жерге баруға көндіру.

«Біздің посттың астына міндетті түрде “қатысамын” деп жаз (біз сенің постыңды тексере алуымыз үшін). Мына аккаунттарға тіркел: @shymbulakmountainresort , @kazakhtourism_official және @kidsgofreekz. Жеңімпазды Шымбұлақ командасы ең қызықты және ерекше локация үшін және ойын сауатты жеткізе алғанына қарап анықтайды. Жеңімпаз тек команданың субъективті пікірінің негізінде таңдалады», - делінген хабарламада.

Барлығы 3 жеңімпаз болады:

  • 1 орын - Айфон 15 pro max
  • 2 орын - Оutdoor дүкен Limpopo-ға 300.000 теңгеге сертификат
  • 3 орын - 100.000 тг ақшалай сыйлық

 Пост 11 маусым 12:00-ге дейін жариялануы керек.

Серіктес жаңалықтары