×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Талғарда той кезінде аспанға оқ атқандар қамауға алынды

Коллаж: Ulysmedia.kz

Алматы облысы Талғар ауданында той кезінде аспанға автоматтан оқ атқан бұзақытал ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында облыстық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлері барлық құқықбұзушыны ұстап, олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Атыс қаруын қолданған бұзақылық фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Қарулар тиісті сараптамаға жолданды.

Дегенмен, аудандық полиция басшылығына қатысты қатаң шаралар қабылданады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысы Талғар ауданында тойға келген қонақтар көшеде автоматтан әуеге оқ атқанын жазған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары