×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында тағы кептеліс: ҰҚК не болғанын түсіндірді

11.06.2024, 14:42
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында тағы кептеліс: ҰҚК не болғанын түсіндірді
Фото: ашық дереккөз

ҰҚК-нің Шекара қызметі Өзбекстанмен шекарадағы жекелеген өткізу пункттерінде адамдар мен көлік кептелісі неден пайда болғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Шекара қызметінің мәліметінше, бұл жағдай «Жібек жолы» өткізу пунктінде іргелес аумақтағы «Гишт Куприк» бақылау-өткізу бекетінде құрылыс жұмыстары мен жол төсемінің кеңейтілуімен байланысты. Сондай-ақ қазақстандық «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» шекара өткелдерінде қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал «Қапланбек» бақылау өткізу пункті осы себептермен жабық.

ҰҚК не дейді

Мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пункттері шаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өз маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған дейін

Мәжіліс депутатты Дмитрий Колода Солтүстік Қазақстандағы халықтың азайып бара жатқанына байланысты Үкімет басшысы Роман Склярға сауал жолдаған еді. 

“Климат жағдайы, әлеуметтік, коммуналдық және жол инфрақұрылымының жағдайы аймақта өмір сүру жағдайын қиындатады Мысалы, жылыту маусымы 7 айдан астам уақытқа созылады. Жаздың қысқа күндері егіншілік пен мал шаруашылығын дамыту қиын. Қыста азық-түліктің едәуір қорын қажет етеді,” – дейді депутат.

Колоданың айтууынша, елдің солтүстігі төмен дәрежеде газбен қамтылған, халықтың ауыз сумен қамтамасыз етілуінің ең төмен көрсеткіштері және ең нашар жолдарды да Солтүстік Қазақстаннан кездестіруге болады. Мұның бәрі шығындарды талап етеді, ал орташа жалақы елдегі көрсеткіштен төмен.

Еске салсақ, бұған дейін де бұл пунктте кептеліс болған.