×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Қазақ-өзбек шекарасында кептеліс. Себебі не?

31.05.2024, 19:55
Ашық дереккөзден

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше Өзбекстан Республикасымен шекарадағы «Жібек жолы» өткізу пунктінде адамдар мен көлік құралдарының мезгіл-мезгіл жиналуы байқалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шекера қызметі бұл іргелес аумақтағы «Гишт Куприк» өткізу пунктінде жол төсемінің салынуы мен кеңейтілінуіне байланысты деп түсіндірді.  

Сондай-ақ, «Қапланбек» өткізу пунктінің жөндеу жұмыстарына байланысты жабылғанын ескертті.  

“Өз кезегінде, «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» өткізу пункттерінде жүргізіліп жатқан реконструкция себебінен адамдар мен көлік құралдарының қозғалысы шектелген,”- деп жазылған Шекара қызметінің хабарламасында.  

Мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. 

Шекара қызметі жолаушылардан маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.  

Бұған дейін

Мәжіліс депутатты Дмитрий Колода Солтүстік Қазақстандағы халықтың азайып бара жатқанына байланысты Үкімет басшысы Роман Склярға сауал жолдаған еді. 

“Климат жағдайы, әлеуметтік, коммуналдық және жол инфрақұрылымының жағдайы аймақта өмір сүру жағдайын қиындатады Мысалы, жылыту маусымы 7 айдан астам уақытқа созылады. Жаздың қысқа күндері егіншілік пен мал шаруашылығын дамыту қиын. Қыста азық-түліктің едәуір қорын қажет етеді,” – дейді депутат.

Колоданың айтууынша, елдің солтүстігі төмен дәрежеде газбен қамтылған, халықтың ауыз сумен қамтамасыз етілуінің ең төмен көрсеткіштері және ең нашар жолдарды да Солтүстік Қазақстаннан кездестіруге болады. Мұның бәрі шығындарды талап етеді, ал орташа жалақы елдегі көрсеткіштен төмен.

Серіктес жаңалықтары