Коллаж: ulysmedia.kz.
Қаулы жобасы
Құжатқа сәйкес банктер мен микроқаржы ұйымдарына, несиелік бюроларға келесі деректерді беру ұсынылады:
- қарыз алушының шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішпен жүгінген күні;
- кредиторлардың қарыз алушының өтінішін қарау нәтижелері;
- кредиторлардың жауап күні мен нөмірлері;
- шарт талаптарындағы өзгерістер;
- өндіріп алудың негіздері мен күні;
- соңғы төлем күні;
- төлем сомасы;
- тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтер.
Коллекторлық агенттіктер несиелік бюроларға келесі деректерді ұсынады:
- толық атауын көрсете отырып, қарыз берген кредиторның БСН нөмірі;
- шарт бойынша құқықты (талапты) берген тұлға туралы, басқаға беру күні, БСН, берілген құқықтың сомасы, талаптың нақты құны;
- соңғы төлем күні;
- төлем сомасы;
- тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтер.