×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

«Ханзада Жумонг» Астанада жүр

12.06.2024, 19:30
Коллаж Ulysmedia

Қазақстанға «Ханзада Жумонг» телехикаясында басты рөлді сомдаған Оңтүстік Кореяның танымал актері Соң Иль Гук келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльмен келіссөз жүргізген еді. Президенттер кешке бірге гала-концертті тамашалауда. Оңтүстік Корея елінен келгендердің қатарында актер Соң Иль Гук та бар. Ол гала-концертті жүргізуге келген.

«Ханзада Жумонг» 2006-2007 жылы MBC телеарнасында көрсетілді. Тарихи сериалда Когуре мемлекетінің негізін қалаушы Жумонгтың өмірі баяндалады. Сериал Қазақстанда көп фанат жинаған. Осыдан бірнеше жыл бұрын актен Астанаға келіп қайтқан еді.

Тарихи драмада Жумонгты актер Соң Иль Гук сомдады. Актер 2008 жылы Пусан судьясы Чоң Сың Ёнмен отау құрды. 2012 жылы отбасыда үшем дүниеге келеді. Балалардың есімдері де, өздері де ерекше. Тэ Хан, Мин Гук, Ман Сэ есімдері «Корея Республикасы жасасын» деген мағына береді.

Серіктес жаңалықтары