×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Павлодарда балабақша тәрбиешісі балаларды басынан ұрған

13.06.2024, 16:22
Фото: astana.gov.kz

Павлодарда балабақша тәрбиешісі балаға қол көтергені үшін жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Әлеуметтік желіде №16 балабақша тәрбиеленушілерінің ата-анасы мекемеге шағымданып, жазба жариялаған.

Олар 3-4 маусымда түсірілген видеодан тәрбиеленушілердің бірі балалардың басынан кәстрөлмен ұрғанын көргенін айтқан. Бұл топқа бір жастан екі жасқа дейінгі, әлі тілі шықпаған балалар баратын болып шықты.

Іс қозғалды

Облыстық Полиция департаменті тәрбиеші кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамауына қатысты қылмыстық іс қозғалды, оның қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданатынын айтты.

Қалалық білім бөлімінің мамандары да қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.

Тәрбиеші жұмыстан шығарылды.

Серіктес жаңалықтары