×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Астанада «Сергек» камералары өшіріледі

14.06.2024, 21:35
Ашық дереккөзден

Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарында, сондай-ақ Сарайшық және Сарыарқа көшелерінде 1 шілдеге дейін "Сергек"камералары өшіріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астанада жүргізушілерге кейбір көшелердегі автобус жолақтарымен жүруге уақытша рұқсат берілді. Бұл туралы елорда ПД хабарламасында айтылған.

"Қаланың магистральдық көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жолдың асфальт жабынын төсеуге және жол белгілерін қоюға байланысты автомобильдердің қозғалысы уақытша шектеледі. Осыған байланысты, 14 маусым мен 1 шілде аралығында Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының барлық бойында, сондай – ақ Сарайшық және Сарыарқа көшелерінде "Сергек" камераларымен автобус жолақтары бойынша қозғалысты тіркеу уақытша тоқтатылды, - делінген полиция хабарламасында.

Қалалық полиция департаменті жүргізушілерден жылдамдық режимін сақтауды және көшелердің жабық учаскелерін қоспағанда, маршруттарын алдын-ала жоспарлауды сұрайды.

Бұған дейін

"Сергектегі" монополияны жоюды талап еткен петиция пайда болған. Авторы Тұрарбек Құсайынов есімді қазақстандық. Құжат Қазақстанның монополияға қарсы комитетіне жолданды. 

"Еліміздің жолдарында "Сергек"жүйесінің бейнекамералары жұмыс істейтіні белгілі. Бұл жүйеге қазақстандықтардың көптеген талаптары бар, соның ішінде негізсіз айыппұлдар. Алайда, МЖӘ (Мемлекеттік-жекешелік әріптестік) жобасы болып табылатын осы жүйе қызметінің заңдылығы маңызды тақырып.  Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: "Бүгінде МЖӘ - нің көптеген жобалары жосықсыз кәсіпкерлер мен шенеуніктер үшін "қорекке" айналды", - деп жазды петиция авторы. 

“Сергек” кімге тиесілі?

Құсайынов петицияда "Сергек" жобасы 2017 жылы Астана қаласының экс-әкімі Әсет Исекешевтің бастамасымен іске қосылғанын еске салды. Іске асыру үшін үш заңды тұлға таңдалды: "Көркем Телеком" ЖШС, "Open Technologies Group" ЖШС, "The The Capital" ЖШС. 

Серіктес жаңалықтары