×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Жыланбаев түрмеде өміріне қауіп төнгенін айтты

14.06.2024, 22:10
Коллаж Ulysmedia

Әйгілі марафоншы Марат Жыланбаев бұл туралы өзінің әйеліне айтқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Марат Жыланбаев жұбайымен телефон арқылы сөйлескенде өз өміріне алаңдайтынын айтқан. Ал ол оны  адвокат Мейіржан Досқараевқа жеткізген.

Марафоншы түрмеде өзіне қарсы басқа сотталғандардың тарапынан  арандатушылық пен қысым болып жатырғанын мәлімдеген. 

Бұл оған түрме жазасын қосу немесе оның денсаулығы мен өміріне зиян келтіру үшін жасалуы мүмкін.  

Жыланбаевқа шыққан үкім

Еске сала кетейік, Астана қаласының қалалық соты тіркелмеген оппозициялық "Алға, Қазақстан!" партиясының көшбасшысы Марат Жыланбаев апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарған еді. Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Марат Жыланбаевты былтыр қарашада жеті жылға соттаған еді. Белсендіге “тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты” және “терроризмді қаржыландырды” деген айыптар тағылған. 

Былтыр қарашада тіркелмеген “Ел тірегі” партиясының жетекшісі, бұрынғы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев 10 жылға сотталды. 

Ал Думан Мұхаммедкәрім 2023 жылдың маусымынан бастап қамауда отыр. Оның ісі бойынша әлі сот шешімі шыққан жоқ.

Марат Жыланбаев бұған дейін де бірнеше рет аштық жариялаған. Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін оны босатып, оған тағылған айыптарды алып тастауға шақырған болатын.

Марат Жыланбаев – қазақстандық марафоншы, тіркелмеген "Алға, Қазақстан" оппозициялық партиясының төрағасы. Ол әлемдегі ең үлкен шөлдермен жүгірген жалғыз адам. Былтыр «Ар-Бедел» қоғамдық қоры белсендінің сөздерінен кейін Жыланбаевты экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау бойынша сотқа берді. Жыланбаев талап арызды жеңіп алды.

Ол 1963 жылы 19 тамызда Қарағанды облысында дүниеге келген. Жер шарының ең ірі шөлдері – Азия, Африка, Австралия және Америкада жүгірген жалғыз адам. Оның әрбір жүгірісі кем дегенде 1200 км құрады. Халықаралық ультрамарафон жарыстарының жеңімпазы және жүлдегері. Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген 7 әлемдік рекордтың иесі.

Серіктес жаңалықтары