×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Тілімізді шұбарлап бітті»: Мейрамбек Беспаев жас әншілерді сынап тастады

«Тілімізді шұбарлап бітті»: Мейрамбек Беспаев жас әншілерді сынап тастады
Фото: видеодан кадр

Мейрамбек Бесбаев «Қызық Times» бағдарламасында жас әншілердің орысша сөздерді араластырып, шығарып жатқан әндерін сынап тастап, көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бізді құртып бітті»

Кезінде аталарымыз да «черный көзім» деп айтты ғой. Ол кезде саясат басқа болды. Біз орыстың ықпалында жүргеннен кейін оларға жағыну мақсатында сондай өлеңдер шықты.

Ал қазір тәуелсіздік алған кезде не қара басып қалды бізді?! Орысшаны араластырып, елдің құлағында қалсын деп тілімізді шұбарлап, бізді құртып бітті, - деді әнші.

«Жүрегіңе тиеді екен»

Мейрамбек Беспаев осы күнгі әндердің тақырыптары да біртүрлі екенін, сөздері есте сақталмайтынын айтты.

Елдің бәріне «МузАрт» болу шарт емес. Жаппай бәрі «Тойда шырқасақ болды» деген ритммен кете бергені дұрыс емес. Тәп-тәуір түрлері, дауысы бар әншілер. Сол жағы ғана кішкене жүрегіңе тиеді екен. Мен міндетті түрде эстрада мықтыларының жолымен жүріп, солар сияқты ән айту керек деп тұрғаным жоқ. Әндерінің тақырыптары да бір түрлі, сөздері де есте қалмайды. Осы жолмен бәрі кете бермесе екен деген тілек, - деді ол.