×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

«Жаратқанның бұйрығы»: Әрінов су тасыған уақытта көз жұмғандарды адам шығыны қатарына қоспады

18.06.2024, 13:06
Коллаж: ulysmedia.kz.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов не себепті су тасқыны кезінде көз жұмғандарды адам шығыны қатарына қоспайтынын түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Келесі жылы тасқынға дайынсыз ба?

«Келесі жылы тасқынға дайынбыз деп айта аламын. Дайындық жүріп жатыр. Бірлесіп, тиісті шаралар жасалып жатыр. Бәріне үлкен тәжірибе болды. Атқарылған шаралардың арқасында адам шығыны болған жоқ. 120-дан астам адам құтқарылды. Бүкіл қабылданған шаралардың арқасында көп үйге су кірген жоқ», - дейді Әрінов.

“Адам шығыны жоқ”

Осы кезде журналистер су тасыған уақытта Абай облысында екі адам суға кеткенін, Құлсарыда екі адамның денесі судан табылғанын, олар неліктен «адам шығыны» қатарына қосылмайтынын сұраған.

«Менің айтып жатқаным – тікелей су тасқыны салдарынан байланысты. Ал олар эвакуациядан кейін кеткен. Ал шығыста болған оқиға мүлде су тасқынымен байланысты емес. Мұндай жағдайлар жыл сайын болады. Егер соның бәрін адам шығыны қатарына қосар болсақ, қазір суға батып кетіп жатқандарға да су деңгейінің көтерілуі де себеп болар еді. Егер адам үйінде ұйықтап жатқан кезде үйімен қоса су шайып кетсе, ешкім құтқармаса, бір жөн. Ал басқа жағдайларда бәріне алдын ала айтылады, ескертіледі», - дейді ол.

«Демек олар өзі кінәлі ме?» деген сұраққа министр «Жаратқанның бұйрығымен» деп жауап берді.

Аягөз ауданындағы оқиға

Аягөз ауданында болған оқиғаны Азаттық радиосы жазған еді. Басылымның хабарлауынша, Абай облысы Аягөз ауданындағы Қарағаш ауылында 26 наурызда трактормен бірге суға кеткен екі адам әлі табылмаған. Шалқар Қажыгереев пен Қуанышбек Мырзағазинді Қарағаш ауылы іргесіндегі Борлы өзені ағызып әкеткен. 39 жастағы Шалқар Аягөздегі әскери бөлімдердің бірінде келісімшартпен жұмыс істеген. Жанындағы Қуанышбек – 68 жастағы шопан. Шалқардың әкесі Тұрсынғали Қажыгереев трактордағы ұлы мен қойшы 26 наурыз таңғы алты жарымнан кешкі беске дейін су ортасында тұрғанын айтқан.

Атырау облысындағы оқиға

 7 сәуір күні таңғы сағат 11 шамасында Атырау облысы ТЖД күшімен екі адамның денесі табылды. Жылыой ауданының Құлсары қаласында 1974 жылы туған ер адам досымен бірге  рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен бара жатқанда жолдан шығып аударылған.

14 сәуірде Құлсарыда жоғалып кеткен екінші адамның, яғни 24 жасар жігіттің мүрдесі табылды. Атырау облыстық төтеше жағдайлар департаментінен мәліметіне сүйенсек, мүрде тасқын судың астында жатқан. Әкелі-балалы екі адам 6 сәуірде жоғалып кеткен еді.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары