×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Шымкенттегі «Мұз сарайы» олигарх Сейітжановтан мемлекетке қайтарылды

18.06.2024, 14:38
Коллаж: ulysmedia.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Мұз сарайын» мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресми мәлімет

– Шымкенттегі «Мұз сарайы» мемлекеттің бақылауына қайтарылып жатыр. Департамент қала прокуратурасымен бірлесіп «Мұз сарайын» мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдады. Биыл 27 мамырда бірінші сатыдағы сот «Спорт сарайы» ЖШС үлесін (67%) жеке меншікке 128 млн теңгеге сатып алу-сату шартының күшін жойды, – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Мұз сарайы

Еске сала кетейік, Шымкент қаласының әкімдігі 2017 жылы шаһардағы ең ірі нысанның бірі – Мұз сарайын 128 миллион теңгеге сатқан еді. Әкімдіктің баспасөз қызметі сол тұста нысанды "МұнайҚұрылысСервис" ЖШС компаниясы сатып алғанын хабарлаған. Ашық дереккөздерде бұл компания шымкенттік кәсіпкер Серікжан Сейтжанов тиесілі екені белгілі болған.

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұловтың айтуынша, бұнда сыбайлас-жемқорлықтың нышаны бар.

«Мемлекеттік сатып алу порталының мәліметіне сүйенсек, 2016-2023 жыл аралығында осы өзіміз сатып жіберген Мұз сарайын №8 қысқы ойындар бойынша олимпиадалық резервті дайындайтын жасөспірімдер мектебінің балалары жаттығу үшін жалпы сомасы 1 миллиард теңгеге жуық ақшаға жалға алып отырған. Нысанды жекеге 128 миллион теңгеге сатып жіберіп, жыл сайын 100 миллиондаған ақшаға жалға алу қаншалықты тиімді?» деген еді Смағұлов.

Әкімге сұрақ

Былтыр Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтен қаладағы Мұз сарайының олигарх Серік Сейітжановтың меншігіне қалай сатылғаны сұралған. 

Сыздықбеков жуырда антикордың қоғамдық кеңесі өкілдері Шымкентке келіп, әкімдік ғимаратында бірлескен отырыс өткенін айтты.

«Соның барысында мәселе көтерілген. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары арнайы жұмыстарды атқарып жатыр. Қаншалықты заңды немесе заңсыз екенін сол жұмыс қорытындысы бойынша айтамыз», - деді ол.

Әкімнің айтуынша, құқық қорғау органдарының жұмысының нәтижесі бойынша шешім қабылданатынын, кез келген шешім халыққа, бюджетке зияны тимейтін әділ шешілетініне сендіретінін айтты.

Серіктес жаңалықтары