×
474.83
518.99
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
518.99
5.4

Қаңтар оқиғасы: қылмыстық топ мүшелері ұсталды

18.06.2024, 20:10
Әлеуметтік желіден

Олар ауыр қылмыстар жасап, кәсіпкерлерді бопсалаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

17 маусым күні Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында ауыр қылмыстар жасаған, соның ішінде кәсіпкерлерді бопсалады деп күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

Топ мүшелерінің “қаңтар оқиғасының” белсенді қатысушыларымен байланысы бар екендігі анықталды. Полицияға 20 күдікті жеткізілді. 40-тан астам іздестіру шаралары өткізілді. Атыс және травматикалық қару, есірткі мен оқ-дәрі тәркіленді.

“Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізілуде. Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды,”-  деп жазды Polisia.kz.

Серіктес жаңалықтары