×
477.03
521.44
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.03
521.44
5.43

Microsoft тағынан түсті: әлемдегі ең қымбат компания аталды

19.06.2024, 09:08
Reuters

АҚШ-тың NVIDIA компаниясы Microsoft корпорациясын басып озып, нарықтық капитал көлемі жағынан әлемде бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жасанды интеллект технологиялары үшін жоғары өнімді процессорларды шығаратын Nvidia көшбасшылығының себебі -  оның акцияларының бағасының айтарлықтай өсуі болды.

Сейсенбіде компанияның акциялары 3,5%, яғни 135,6 долларға дейін қымбаттады, бұл нарықтық капиталдандырудың 3,336 трлн долларға дейін өсуіне жол ашты.

Салыстыру үшін Microsoft акцияларының нарықтық құны 3,325 триллион долларды құрады. Үздік үштікке нарықтық құны 3,278 триллион долларды құрайтын Apple кіреді.

Биыл Nvidia акциялары 173% өсті, оның ең жақсы процессорларына сұраныс ұсыныстан едәуір асып түсті.

Серіктес жаңалықтары