×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Қайын атасы депутат, өзі министр: Мәдиевтің қызметке келуіне туыстығы сеп болды ма

19.06.2024, 14:22
Коллаж: ulysmedia.kz.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғановпен туыстық қарым-қатынасы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр не дейді

Журналистердің сұрағына жауап берген Жасұлан Мәдиев қазақстандықтар шенеуніктерге неге сене бермейтінін білмейтінін айтты.

Журналистер министрден өзін "Ескі Қазақстанның" шенеунігі деп санай ма деп сұраған. Өйткені Мәдиев бір кездері ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің қарамағында жұмыс істеген.

– Мен көп адаммен, соның ішінде сіз атаған адамдармен де, сондай-ақ бұрынғы премьер Әлихан Смайыловпен және оның алдындағы Асқар Маминмен де жұмыс істедім. Мен адал жұмыс істеуге әрі өмірлік ұстанымымды ұстана отырып, ешкімді ренжітпеуге тырыстым, - деп жауап берді Мәдиев.

Министр депутат Дүйсенбай Тұрғановтың қайын атасы екенін мойындады. Журналистер Мәдиевтен Тұрғановтың оны тағайындауға қатысы бар-жоғын сұрады.

– Менің кандидатурамды бекітуге қатысқандардың барлығы заң аясында болды. Мен әрқайсысын бақылай алмаймын, кім қатысты, кімнің қатысы жоқ... Бұл комитетте [министрдің кандидатурасын бекітетін] ол [Тұрғанов] болған жоқ, - деді министрлік басшысы.

Депутатпен туыстық қатынас

Жаңа министрдің жұбайы Майра Тұрғанова Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғановтың қызы.

Мәдиевтің мәжілісте цифрлық даму министрі лауазымына лайықты екені туралы шешімді Мәжіліс қабылдаған. Бұл үшін экономикалық реформа комитеті жауапты. Онда министрдің қайынатасы жоқ. Тұрғанов экология саласымен айналысады.

Серіктес жаңалықтары