×
475.03
517.21
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.03
517.21
5.44

Чемпион Зульфия Габидуллина Паралимпиада ойындарына тағы жолдама алды

Фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы

Пара жүзуден Паралимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Габидуллина XVII жазғы Паралимпиада ойындарына жолдама алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Зульфия Габидуллина 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Ойындарда чемпион атанған еді. Енді, міне, спортшы ел тарихында төртінші рет Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.

Бұл – еліміздің Паралимпиада ойындарына 14-лицензиясы. Бұған дейін жолдаманы пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, пара таеквондодан Нұрлан Домбаев, Камиля Досмалова, Нышан Өмірәлі, пара каноэдан Спатай Бибарыс пен Жаныл Балтабаева, пара үстел теннисінен Али Махулбеков пен пара жүзуден құрама үш жолдама алған, - делінген хабарламада.

XVII жазғы Паралимпиада ойындары тамыздың 28-і мен қыркүйектің 8-і аралығында Парижде өтеді.

Жарыс спорттың 23 түрінен ұйымдастырылады. Лицензиялық жарыстар әлі жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары