×
478.93
534.96
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.93
534.96
5.16

Кептеліс, зая кеткен уақыт, жұқарған жүйке: Алматыда екі көше жабылады

20.06.2024, 20:20
Ашық дереккөзден

Бостандық ауданында жылу желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты екі көшеде жол жабылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Алматы жылу желілері" хабарлағандай, Алматы қаласының Бостандық ауданында көлік қозғалысы жабылады:

  • 21 маусым сағат 22:00-ден 22 маусым сағат 12:00-ге дейін Сәтбаев көшесіимен Масанчи көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін;
  • 21 маусым сағат 22:00-ден 23 маусым сағат 12:00-ге дейін Наурызбай батыр көшесіимен Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін.

"Уақытша шектеулер аталған көше сегменттерінің жүріс бөлігінің астында жатқан жылу желілеріндегі гидравликалық сынақтар барысында анықталған ақауларды жою бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу  үшін енгізіледі. Кешірім сұраймыз және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп хабарлайды"Алматы жылу желілері" ЖШС.

Ал Алматы тұрғындары мен қала қонақтарынан кептелістерді тудырмау үшін маршруттарын алдын-ала жоспарлау сұралды.