×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шошқа өлексесі үйілген жерде жылқы баққан: полиция иесінің ісінен қылмыс құрамын таппады

21.06.2024, 12:29
Шошқа өлексесі үйілген жерде жылқы баққан: полиция иесінің ісінен қылмыс құрамын таппады
скриншот

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Алматы облысында өлексе үйілген жерде мал ұстаған учаскенің иесіне қатысты іс тоқтатылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазнетте бұған дейін Алматы облысының Қырғауылды ауылында түсірілген бейне тараған еді. Кадрларда жеке учаскеде тірі малдың жерде жай ыдырайтын өлі жануарлардың өлекселерімен бірге ұсталғанын көруге болады.

Үй жануарларын қорғаушылар бұл жерде жануарларды ашық қорланғанын айтысқан.

Толығырақ

Полиция бұл істе қылмыс құрамын көрмегенін хабарлады. Қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған.

– Тергеу амалдары жүргізілді. Іс жүргізу аяқталды және прокуратурамен келісім бойынша іс-әрекетте қылмыс құрамының болмауына байланысты тергеуді тоқтату шешімі қабылданды, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін ШҚО-да жеңіл автокөліктің жүксалғышымен жылқы тасымалдағандар анықталған еді.