×
475.03
517.21
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.03
517.21
5.44

«Жұмыстан еш себепсіз босатылған»: Астана соты Жусанбаев ісінің шешіміне түсініктеме берді

21.06.2024, 23:26
Ашық дереккөзден

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бұрынғы бас директоры Ғалымжан Жусанбаевтың ісіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmeida.kz.

Сот жұмысшының құқығын қалпына келтірді

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Жусанбаевтың «Атырау МӨЗ» ЖШС-не қатысты талабын қараған.

– Талап қою еңбек шартының сынақ мерзімінде және қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде бұзылуымен негізделді. Сотпен еңбек шартының талаптары бойынша талапкерге 6 ай сынақ мерзімі белгіленгені, алайда шарт 1 ай өткеннен кейін бұзылғаны анықталды. Осы құқықтық қатынастарға еңбек заңнамасы қолданылады. Еңбек кодексінің 36-бабына сәйкес, еңбек шартын жасасқан кезде еңбек шартында жұмыскердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Осы кодекстің 37-бабына сәйкес, жұмыскердің сынақ мерзімі кезеңіндегі жұмысы теріс нәтиже берген кезде, жұмыс беруші оған еңбек шартын бұзуға негіз болған себептер көрсетілген хабарлама беріп, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы. Бұл жағдайда қызметкер сынақ мерзімінде жұмыстың теріс нәтижесі болмасада ешқандай себепсіз жұмыстан босатылды, – делінген хабарламада.

Сот шешімімен талап қанағаттандырылды. Сот жауапкермен қызметкердің сынақ мерзіміндегі біліктілігіне сәйкес еместігі дәлелденбегендіктен талапкердің құқықтары бұзылған деп таныды. Еңбек шарты жұмыстан шығару рәсімін бұза отырып күшін жойған.

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты жарамсыз деп тану, Ж.-ның бас директор лауазымын қалпына келтіру туралы шешім шығарылып, мәжбүрлі жұмысқа келмегені үшін жалақысы және 100 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеу өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Ғалымжан Жусанбаев

Мұның алдында "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бұрынғы бас директоры Ғалымжан Жусанбаев қызметіне қайта оралғанын хабарлаған едік.  

Атырау МӨЗ-дегі жария дау зауыттың 462 қызметкері Жусанбаевты қызметтен шеттетуді талап еткен петицияға қол қоюдан басталған еді. Зауыт жұмысшылары директор "өзін дұрыс ұстамайды, есірткі қолданады, біліктілігі жоқ және қылмыстық жауапкершілікке тартылды" деп мәлімдеген.

Осы айыптауларға елордада өткен баспасөз мәслихатында Ғалымжан Жусанбаев пен оның адвокаты Талғат Мұқатанов жауап берген-тін. Олар зауытта барлығы 2700 қызметкер барын, яғни петицияға жұмысшылардың жекелеген бөлігі қол қойғанын айтты. Соның өзіне қысыммен қол қойылғанына сенімді.

Серіктес жаңалықтары