×
471.83
505.66
5.4
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.83
505.66
5.4

«Бауыржан батырдың бассыз денесін әжуалағаны несі»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі сынға қалды

22.06.2024, 16:34
скриншот

Әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанның экрандағы әрекеті сынға ұшырап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіге фотосуретті журналист Оңғар Қабден бөлісті.

– Бүгін Момышұлымен ойнағандар ертең Қабанбай мен Бөгенбайларды мазақ қылмасына кім кепіл? "Еларна" Бауыржан Момышұлының бассыз денесін экранда әжуаласақ рейтингіміз өседі деп ойлады ма? Фотодағы әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқан. Бағдарламаға қатысқан депутат Дәулет Мұқаев та жауап берсін! – дейді ол.

Бұл жазбаны қолдап, Мөлдір Мұқанның әрекетін сынап жатқандар көп. Кейбір азаматтар бұл әрекетті “көргенсіздік”, “ақымақтық” деп атайды.

“Еларнадағы” ток-шоудың фрагментін желіге Айгүл Болатханқызы бөлісті.

– Басқа нәрсе ойлап таппадыңдар ма, еу, данышпандар? Анау депутатқа не жоқ? Өз әкеңнің суретінің басын жұлып, бетін ой да білгеніңді істе, мархабат! Ал мынау… Қабатовтың әйелі, ең болмаса: “Мынау болмайды, ұят болады” деуге өресі жетпепті. “Ата, кешіріңізші десейші” деп біреуі кекеп отыр. Қазақтың дәм-тұзы мен аруағының атпай қалған кезі жоқ. Бұл бар қазаққа ортақ қара шаңырақтағы сурет, келгендердің бәрі: “Атаның қасында суретке түсейікші”, - деп, апам да: Ана бөлмеге кіріп, атаның қасына суретке түсіңдер”, - деп үйдің ерекше бір қасиетті орнына айналдырғандай сурет еді. …“Аққан судың жағасында көп отырсаң, дұшпаныңның өлігі көрінеді” (жапон нақылы). Соған сенем… және күтем… – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары