×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Ресей қызыл сызықты аттап барады»: Оңтүстік Корея Украинаға әуе шабуылына қарсы қару бермек

23.06.2024, 14:27
«Ресей қызыл сызықты аттап барады»: Оңтүстік Корея Украинаға әуе шабуылына қарсы қару бермек
espreso.tv

Оңтүстік Корея Киевке жеткізетін қару-жарақ шектеулерінен бас тартпақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Yonhap-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы республика президенті әкімшілігінің ұлттық қауіпсіздік басқармасының бастығы Чан Хо Чжин мәлімдеді. Оның айтуынша, егер Ресей КХДР-ға жоғары дәлдіктегі қару берсе, Оңтүстік Корея Украинаға көмек көрсетуде өзін шектемейді.

Ол Ресей "қызыл сызықты" кесіп өткен жағдайда Оңтүстік Корея Украинаға үлкен қаруларды бере алады деп ескертті. Мұнда снарядтар мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері қарулары жайлы айтылып отыр. 

– Мен мұның бәрі Ресейдің қадамына байланысты екенін атап өткім келеді. Егер Ресей Солтүстік Кореяға жоғары дәлдіктегі қару берсе, бізде әлі де мүмкіндік бар ма?

Егер олар (Ресей билігі — ред.) корей-ресей қатынастарын қалпына келтіріп, алға жылжытқысы келсе, мен Ресей тарапының мұқият ойлануы керек екенін қайталағым келеді, – қайталағым деді ол.

Еске сала кетейік, осы аптада Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Кореяға сапармен барған болатын. Ким Чен Ын екі елдің бірі "агрессияға" тап болған жағдайда өзара қорғаныс туралы тармақты қамтитын жаңа келісімге қол қойды.