×
473.15
515.12
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
473.15
515.12
5.4

Ұсталғандар ішінде Қазақстан азаматтары жоқ – ҚР СІМ Грекиядағы өрт жайлы

24.06.2024, 10:07
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі "Грекияда Қазақстан азаматтары отшашу жасап, орман өртеді" деп БАҚ таратқан ақпаратқа байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР СІМ не дейді

– Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған, – делінген хабарламада.

Оқиға қалай болды

Бұған дейін Грекияда туристер қайықты жалға алып, отшашу атып, аралды өртегені жайлы Грекия БАҚ-тары жазған еді. Аралдың оңтүстік-батыс жағалауында жүзіп жүргенін көрші кеменің капитаны көрген. Гидраның "бурлактары" Вулагмендегі жағалау күзетіне осылай куәлік берген.

Сенбі күні таңертең өрт сөндіру бригадасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Бисти аймағындағы өрттің жағдайы жекелеген ошақтарға қарамастан бәсеңдеген. Төбеден тікұшақ су шашқан. Сенбі күні таңертең Идра мэрі Йоргос Кукудакис "кейбір адамдар отшашуды қарағайлы орманға қарата жауапсыз түрде атады, соған ашуланамыз" деген. 

Туристер жеке қайықтан отшашу атып, өрт шығарған. Не істеп қойғанын түсінген кезде өртті сөндіруге тырысқан. Әрекеттері сәтсіз екеніне көзі жеткен соң өрт сөндіру бригадасын шақырып, өздері кетіп қалған. Кейін 13 турист ұсталған. БАҚ осы кезде ұсталғандар Қазақстан азаматтары екенін жазған еді. “Чемодан госсекретов" телеграм-арнасы отшашу ұшырылған яхтаны қазақстандық олигарх Данияр Әбілғазин жалға алғанын жазған болатын.

Серіктес жаңалықтары