×
472.57
508.34
5.4
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.57
508.34
5.4

Қазақстандық брейкдансер Әмір Зәкіров Париж Олимпиадасына жолдама алды

Фото: time.kz

Әмір Зәкіров Олимпиада ойындарында брейкингтен Қазақстан намысын қорғайтын алғашқы спортшы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық Олимпиада комитеті ресми сайтының жазуынша, Мажарстан астанасы Будапеште өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша Әмір Олимпиада жолдамасын еншіледі. Ол жарыстың финалына дейін жетіп, ақтық сында Нидерланд өкілі Lee-ге есе жіберді. Осылайша, екінші орын алды. Үшінші орынды Оңтүстік Кореядан келген Hong10 иеленді. Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Әмір 71 ұпай жинады (Шанхайдағы жарыста ол 15-орын алған). Жалпы есепте қазақстандық би-бой алтыншы орынға жайғасты. Бұл нәтиже оған Олимпиада жолдамасын алуға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, брейкинг алғаш рет Олимпиада бағдарламасына еніп отыр.

Осылайша, Зәкіров жеңіп алған жолдама тарихи лицензия болып саналады. Ол Олимпиада ойындарында брейкингтен Қазақстан намысын қорғайтын алғашқы спортшы болмақ.

 

Серіктес жаңалықтары