×
486.47
554.77
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.47
554.77
6.26

ӘЧ-2026: плей-офф кезеңіне жолдама алған 32 құрама анықталды

Бүгін, 09:23
ӘЧ-2026: плей-офф кезеңіне жолдама алған 32 құрама анықталды
Фото: JOSH EDELSON / AFP via Getty Images

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі мәресіне жетті. Турнирге қатысқан 48 құраманың 32-сі плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталып, плей-офф кезеңіне қатысатын барлық командалар анықталды. Биылғы турнирді АҚШ, Канада және Мексика бірлесіп қабылдап жатыр.

Тарихта алғаш рет әлем чемпионатына 48 құрама қатысып, олар 12 топқа бөлінді. Әр топтан алғашқы екі орын алған 24 команда тікелей плей-оффқа жолдама алды. Сонымен қатар, үшінші орын алған құрамалар арасындағы үздік сегіз команда да 1/16 финалға шықты.

Осылайша, турнирдің плей-офф кезеңінің жұптары белгілі болды:

1/16 финал матчтары:

  • Германия – Парагвай
  • Франция – Швеция
  • Оңтүстік Африка Республикасы – Канада
  • Нидерланды – Марокко
  • Португалия – Хорватия
  • Испания – Австрия
  • АҚШ – Босния және Герцеговина
  • Бельгия – Сенегал
  • Бразилия – Жапония
  • Кот-д'Ивуар – Норвегия
  • Мексика – Эквадор
  • Англия – Конго Демократиялық Республикасы
  • Аргентина – Кабо-Верде
  • Австралия – Египет
  • Швейцария – Алжир
  • Колумбия – Гана

Кеше 1/16 финал аясында өткен кездесуде канадалықтар Оңтүстік Африка Республикасын 1:0 есебімен жеңді.

2026 жылғы әлем чемпионаты 19 шілдеде аяқталады. Турнирдің қазіргі чемпионы – Аргентина құрамасы.