×
474.83
518.99
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
518.99
5.4

Биыл астаналықтар үшін оқу жылының басталу уақыты өзгеруі мүмкін

Фото: flectone.ru

Астананың оқушылары мен студенттері үшін оқу жылының басталу уақыты шегерілуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не үшін

Күзде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.

Вице-министр Серік Жарасбаевтың айтуынша, қазір Оқу-ағарту министрлігімен және Ғылым және жоғары білім министрлігімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Бұл арада екі жағдайдың нұсқасы бар: біз не Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарындағы мектептерді онлайн оқыту форматына ауыстырамыз немесе оқу кезеңінің басталу уақытын Астана бойынша шегеріміз. Біз мәселені қазір қызу талқылап жатырмыз, келесі аптада нақты шешім қабылдауымыз керек, – деді ол.

Ойындар 8-13 қыркүйекте өтеді

Ведомство өкілі Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарын жабу әлі жоспарланбағанын айтты. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу кезінде көлік қозғалысы кептелісі болмас үшін спорт нысандарына арнайы шаттл автобустар қатынайтын болады. Сонымен қатар жарыстың басталу уақыты таңғы 9:00-ден 11:00-ге ауыстырылды.

Айта кетсек, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Бұл - этникалық спорт түрлері бойынша ең ірі халықаралық спорт жарысы.

Серіктес жаңалықтары