×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ғалымдар адам денсаулығына ең пайдалы тәтті түрін атады

27.06.2024, 09:22
Ғалымдар адам денсаулығына ең пайдалы тәтті түрін атады
ашық дереккөзден

Ғалымдар зефирді адам денсаулығы үшін ең пайдалы тәтті деп атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тәттінің бұл түрі сағат 16.00 мен 18.00 арасындағы уақыт аралығы десерт ретінде жеу өте пайдалы екенін айтады, өйткені бұл уақытта қандағы қант деңгейі айтарлықтай төмендейді, бұл қуат пен өнімділікке әсер етеді.

Америкалық диетологтар құрамында "бос" көмірсу емес, пайдалы ингредиенттер бар десерттерді таңдауға кеңес береді. Зефир – осындай десерттердің бірі. 100 грамм зефирде 300 ккал бар, бұл басқа тәттілерге қарағанда айтарлықтай аз. Көп тәтті тағамнан айырмашылығы, зефирде май жоқ, тек ақуыздар мен көмірсу бар. Адамның дене қалпы үшін де  қауіпті емес.

Зефир қант, жеміс пюресі, жұмыртқаның белка және желатин, агар немесе пектин сияқты гельдік заттардан дайындалады. Агар мен пектин-өсімдік тектес заттар. Алмадан, қант қызылшасынан немесе қарбыздан алынған пектин денеден токсиндер мен ауыр металл иондарын кетіруге көмектеседі, қандағы "жаман" холестерин деңгейін төмендетеді және вирусқа қарсы әсер етеді. Теңіз балдырларынан жасалған Агар кальцийге, темірге және йодқа бай, бұл сүйектер мен тамырларды нығайтуға көмектеседі.

Жануарлардан алынатын гельдік зат болып табылатын желатин (жануарлардың шеміршектерінен, сіңірлерінен және сүйектерінен жасалған) сүйектердің сынған жеріне пайдалы.