×
474.83
518.99
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
518.99
5.4

Іс «абайсызда кісі өлтіру» бабымен қозғалған: Атырауда тұрғындар күдіктіні жазалауды талап етіп, Тоқаевқа жүгінді

30.06.2024, 23:05
скриншот

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы тұрғындары жиналып, видео түсіріп, ел президентіне жолдаған үндеуінде кісі қолынан көз жұмған Амандық Сағынғалиевтің ісіне назар аударуды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тұрғындар не дейді?

– Осы шағымымызды бере отырып, сіздерден төмендегі шағымымызды дұрыс қарап, осы істі ерекше бақылауға алуларыңызды сұраймыз. 2024 жылдың 5 маусым күні Атырау қаласындағы «Дина» базарында орын алған, қоғамдық резонанс тудырған ауылдың абзал азаматы Сағынғалиев Амандық Ахметұлының қазасы дүйім жұртты дүр сілкіндірсе, марқұмның шарапатын көзі корген, болмысын беске білетін жерлестеріне екі есе ауыр соққы болып отыр.

Қу темірдің күнің білдей бір азаматтың өмірімен тендей керіп, келісімге келместен өлімші етіп сабаған күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі бойынша қозғалған істі тез арада ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 3,5,9-тармақтарымен қайта саралап, айыпталушыны қатаң жазаға тартылуын және оқиға орнында болған, жанжалды ажыратпағандарымен қоймай азаматымыздың денесін бірге сүйреп тастаған адамдардың да жазасыз қалмауын талап етеміз, – дейді тұрғындар.

Президентке, Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа жүгінген тұрғындар әділ сотты талап етеді. Олар күшіне сенген күдіктінің әрекеті бейнетаспада толық жазылғанын, сол жерде қасақана кісі өлтіру мақсатында ешқандай қарсылық көрсетпей тұрған адамды әбден мерттіккенше қайта-қайта ұрып, жұдырықтауы – абайсыздық емес дейді.

– Сондықтан істі тез арада қасақана кісі өлтіру бабына қайта саралап, істің дұрыс тергелуін қазірден бастап бақылауға алуларыңызды талап етеміз, - дейді ауыл тұрғындары.

Атыраудағы оқиға

Осыдан аз уақыт бұрын Атырау облысындағы базарлардың бірінде «Газель» көлігін мінген Амандық Сағынғалиев есімді зейнеткер Мұхтар Ахмедов деген азаматтың «Мерседес» көлігінің есігін сырып кеткен. Сол жерде жанжал басталып, «Мерседес» иесі «Газель» жүргізушісін бірнеше рет соққының астына алған. Әлеуметтік желіде тараған видео мен ақпаратқа сенсек, «Мерседес» иесі әлі жасы 40-қа толмаған азамат, ал «Газель» иесі (марқұм) жасы 70-ке таяп қалған егде кісі. Видеодан көргеніміздей, «Газель» жүргізушісі қанша соққы тисе де жауап қатпайды. Алайда ол өзінен көп жас кіші азаматтың соңғы ауыр соққысынан кейін ол есін жия алмай, артынан қайтыс болған.

Әлеуметтік желіде Атырау базарындағы жанжалдасқан екі тұрғынның видеосы тарады. Артынан екі адамның фотосуреті де жарияланды. Желідегі жазбаға сенсек, қайтыс болған адам Қызылқоға ауданына қарасты Қарабау ауданының тұрғыны (Атырау обоысы) Амандық Сағынғазиев. Желідегі жазбалардың бірінде «Марқұм көлігімен сақалды азаматтың көлігін сәл ғана сызып кеткен. Ақырында ашуға мінген сақалды оны ұрып өлтірген» деп жазылған.

Бұл оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасаған. Полицияның мәлімдеуінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды. Жәбірленуші алған дене жарақаттарынан ауруханада қаза тапқан. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары