Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 600 адамға ұлғаяды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын қайта бөлу мақсатында өңірлердің қазіргі қажеттілігіне назар аударып отыр. Оған сәйкес министрдің былтырғы бұйрығына өзгерістер енгізіледі. Бұйрықтың жобасы осы жылдың 16 шілдесіне дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.
Құжат жалпыға бірдей белгіленген квота шеңберінде қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын алты жүзге дейін төмендету есебінен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын 600 адамға ұлғайтуды көздейді.
Өңірлік квоталарды өзгерту қажеттілігі еңбек күші тапшы өңірлерге (солтүстік өңірлерге) қоныс аударған қандастар санының артуына байланысты.
Бұйрық жобасымен толығырақ «Ашық НҚА» порталында танысуға болады.